mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

 Ресей Сары Шағанда зымыранды сынақтан өткізді

«Астана» арнасы: «Ресей әскерилері Қарағанды облысындағы Сары-Шаған полигонында жаңартылған зымыранды сынақтан өткізді.

Бұл шара сәтті жүзеге асырылды»,— деп хабарлайды. Ресей Қорғаныс министрлігіне қарасты басылымның хабарлауынша, заманауи гипер дыбысты зымыранның әлемде баламасы жоқ. Барлық параметрлер бойынша қолданыстағы НАТО классификациясының «ГАЗель» зымыранынан асып түседі. Әсер ету қашықтығы 100 шақырымға жуықтайды. Ал тосқауыл жасау биіктігі 30 шақырымды құрайды. Сондай-ақ қарсы тараптың шартты баллистикалық нысанасын бірнеше секундта жоюға күші жетеді екен. «Зымыран жаңғыртудан өткен ПРО жүйесіндегі барлық компоненттер сияқты белгілі бір аумақты сенімді қорғай алады. Бұл дербес немесе топтық зымырандық шабуылдар болуы да мүмкін.

Тіпті құрлықаралық баллистикалық зымыранды пайдалана отырып, қарсыластың зымыранға қарсы жүйесін айналып өте алады»,— дейді Ресейдің әуе-ғарыш күштеріне қарасты бірлестік қолбасшысының орынбасары. Айта кетейік, сынақ өткізілген Сары-Шаған әскери полигонын Ресей Қорғаныс министрлігі жалға алған болатын.

(10)