mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Министр құтаймайтын орынға енді Мәдина келді

Ақорданың баспасөз қызметі: «Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды.

Оның орнына Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды»,— деп хабарлайды.

Айта кетерлігі, мемлекет басшысы үкімет отырысында өзін-өзі қамтыған азаматтар мəселесін көтеріп, онда сөз сөйлеген Тамара Дүйсенованы сынап тастаған болатын. Осылайша министр құтаймаймайтын орынға тағы бір шенеунік келді. Оның бұл орында қанша уақыт отырары алдағы уақыт еншісінде.

(8)