Көп ұйқы туралы

«Тозақтан қашып, жәннатты қалайтындардың көзіне ұйқы келмейді.» (И.Мәндә)

«Үмбетім жайлы ең қатты қорқатыным – қарынының үлкендігі, ұйқыға берілу, жалқаулық және иманның әлсіздігі.» (Дәйләми)

«Ең үстем амал – бәрі ұйқыда жатқанда түңгі намазды оқу.» (Ж.Жолы)

«Тамақтан кейін ұйықтау жүректі қатайтады.» (Ибн Мажа)

«Көп ұйықтау адамды ахиретте кедей қылады.» (Бәйһақи)

«Алла Тағала көп ұйықтайтын адамды жақсы көрмейді.» (И.Ғазали)

«Таңғы ұйқы әлсіздік, жалқаулық, босаңдық және ұмытшақтыққа себеп болады.» (И.Мәуарди)

«Таң намазынан кейін күн шыққанға дейін ұйықтамаңдар!» (Бәйһақи)

«Таңғы уақытта ұйықтайтын адам арқа және бел ауруларына шалдығады.» (И.Шарани)

«Сәске ұйқысы орынсыз, ал қайлулә (түскі ұйқы) пайдалы. Ақшам уақытында ұйықтау – ақымақтық.» (И.Мәуарди)

«Көп ішіп-жейтін және көп ұйықтайтын адамды Алла Тағала жек көреді.» (И.Ғазали)

(17)