Жұмыртқаны қалай таңдау қажет?

Әдетте жұмыртқа сатып аларда олардың дүкен сөресіне қанша уақыт бұрын жеткізілгенін білмей әуреге түсеміз. Оның ескірмегенін қалай білуге болады?

Ол үшін жұмыртқаны айналдыра қараудың қажеті жоқ. Таңбасын қарасаңыз жеткілікті. Әдетте онда 2 таңба болады. Бірі «С», екіншісі «Д». «Д» дегені диеталық жұмыртқа және бұлар жаңа жұмыртқалар. Көп болса 7 күндік. Ал «С» дегені – асханалық жұмыртқа. Яғни, ас үйде асықпай түрлі тағам әзірлеу үшін қолданылатыны. Бұлардың мерзімі 20-25 тәулікке дейін жетеді. Ал үй жұмыртқаларын таңбалаусыз сатады.

Сонымен қатар жұмыртқаны сыртына қарап та ажыратуға болады. Егер ол жылтырап тұрса, онда оның ұзақ уақыт сақталғанын және өңделгенін білдіреді. Ал күңгірт болса жаңа жұмыртқа деген сөз. Сондай-ақ ескі жұмыртқаларда иіс болады. Егер қолға алғанда іші шайқалып тұрса да, көп тұрып қалған деген сөз. Үйде жұмыртқаның үшкірлеу жағын төмен қарай қаратып, тоңазытқышта сақтаған дұрыс.

Дереккөз: https://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/50818/

(11)