«25 ән, 25 кітап» атты жобаның куәгерлері болып қайттық

Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласы білім  беру ошақтарында жиі талқыланып, келеді. Атап айтсақ, Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептері бұл Жолдауға бір кісідей үн қосуда.

Соның бір дәлелі болса керек, Алматы қаласындағы Д.Бабаев атындағы № 115  білім ошағында «25 ән, 25 кітап» атты тың жобаны қолға алғандығы көңіл қуантты. Мектеп директоры Әлия Сыбанқұлқызы, кітапханашы Дәмет Тоқсанбаева газетіміздің бас редакторы Ертай Айғалиұлы мен журналист Жұлдыз Әбілді мектепке шақырды.

Жылы жүздесуде әсерлі рухани әдеби-сазды кештің куәгерлері болған редакция ұжымы шараны ұйымдастырған ұстаздар мен өз өнерлерін көрсеткен оқушыларға  ризашылықтарын білдірді.

Балалардың жырдан шашу шашып, поэзия мен проза жайлы, ар-намыс, ұждан, қақында көрсеткен қойылымдарына,  айтқан патриоттық әндеріне сүйсінді.

Кездесу барысында Ертай Айғалиұлы: «Құрметті ұстаздар, оқушылар, біздің болашақ әріптестеріміз! Бүгін сендердің өнерлеріңе күә болып, ерекше тебіреністе отырмын. Алматы қаласындағы өзге мектеп қолға алмаған ««25 ән, 25 кітап» атты жобасының өзі қандай? Бұл да Мемлекет Басшының Жолдауына сіздердің де дер кезінде үн қосқандарыңызға қуанып отырмын. Игі бастамаларыңыз өз жалғасын таба берсін, кітап сүйер балапандарымыз көбейсін» деп ақжарма тілегін айтты.

Шара соңында мектеп кітапханашысы Дәмет Тоқсанбаева, ендігі келелі кездесу  Ертай Айғалиұлының шығармашылығына арналатындықтарын қадап айтты.

Мектеп ұстаздары мен оқушылары бас редактормен естелік суретке түсіп, шығармашылық байланыстың арта түсуіне құлықты екендіктерін  сөз етті.

 

Өз тілшімізден

(32)