Салық түзелмей, халықтың жағдайы түзелмейді

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында фискальды орталықсыздандыру аясында шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын өңірлік бюджеттерге беру мәселесін шешу тапсырылды.

Осыған орай, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен

мемлекеттік кірістер депар-таментінің 2017 жылғы қызметінің қорытындысы мен 2018 жылға салық салу базасын кеңейту бойынша міндеттері туралы, ҚР Салық және Кеден кодекстерінің негізгі өзгерістерін түсіндіру бойынша семинар жиналыс өтті.
2018 жылдың 1 қаң-тарындағы жағдай бойынша облыста барлығы 632 914 салық төлеуші тіркелген. 2017 жылы ішкі сауда айналымы, импорттық-экспорттық операцияларды қоса алғанда, 4 711 млн. АҚШ долларын құрады.
Ералы Тоғжанов бюджет түсімдерінің бүгінгі жағдайы, осы бағытта алға қойылған шаралар, 1 қаңтардан бастап күшіне енген Салық кодексінің жаңашылдықтары, сонымен қатар салықтық базаны күшейту мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді.
Жиын соңында аймақ басшысы 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік салық төлеуші» мен «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны» марапаттады.

 

Айман Оңғарбайқызы

(7)