mm
Халықаралық "Қазақстан-Zaman" қоғамдық-саяси газетінің журналисі. Отбасы, білім, мәдениет-өнер бөлімдеріне жауапты.

 Айуандық (Жалғасы)

Келіні – оңбаған, жексұрын, алқаш, жүргіш, менің махаббатымнан садаға кет, бар ана шүйкебасыңа, үйіне кіріп ал», деп бұрқылдаса, баласы – жап аузыңды. Сен де қарап жүрмеген шығарсың. Ана химик жігіттің кабинетінен шықпай, есікті жауып алып не істеп жүрсіңдер» десе, келіні – елдің бәрі сен сияқты жүргіш дейсің бе? Шешеңнен үйренгенсің де жүргіштігіңді. Елдің бәрі айтады ғой, жас кезінде жүргіш болған, сұлулығын, әдемілігін пайдаланып райком, райсполком болғаны дегенде, Сейсекүл үйге кіріп келіп:

– Тоқтат, жап аузыңды. Не деп тұрсың сен келін шырақ. Сені бір жақсы адам деп жүрсем, арамдығың ішіңде екен ғой. Оттама! Мен Құдайдың алдында да, мына Алтайдың әкесінің алдында да арым таза. Ел не демейді. Көре алмағаннан айтады да. Не болды сонша екеуіңе, бет жыртысатындай.

  • Апа, кешіріңіз қате айтсам. Мына балаңыз біздегі жас бойдақ келіншекпен байланысып, соның үйінен түнделетіп келіп жүргені. Талай айттым, болмады. Бүгін түс кезінде Алтайды іздеп едім, біреулер айтты «Қазипаның үйінде деп. Іздеп барсам екеуі шаңқай түсте төсекте жатыр. Есікті де жаппапты» деді.

– Ай, оңбаған, Сен сондай жолға түстің бе? Өзің сүйіп қосылған жарыңның көзіне шөп салдым де. Бұл не деген масқара, азғындық.

– Апа, мен ол әйелді жақсы көрем! деген баласына, Мына Әлияны да жақсы көріп қосылмап па едің? Енді махаббат сезімің бітіп қалған ба? «Мына келіннен кешірім сұра, енді ондай болмайды» деді. Көп ұзамай аудандық партия комитетінен комиссия келіп, баласының үстінен түскен арызды тексеріп, анықтап, бір аптадан соң моральдік жағынан азғындаған деп партиядан шығарып, директорлықтан босатты. Жай мұғалім болып қалды. Қайбір күні көршінің үйіне барып біраз отырып, үйге келсе, келіні жиналып жатыр екен. – -Әй, жаным, Әлия не болды, қайда жиналып жатырсың дегенде, – Апа, шыдамым таусылды. Балаңыз ана әйелдің үйіне кіріп алды, енді оған керегім жоқ. – Қой айналайын. Ашуыңды бас. Есің бар ғой. Кешірімді бол! Мен қазір барып, ол оңбағанды ертіп келейін, деп үйден шықты. Жаңағы келіншектің үйіне барса, баласы шалқайып диванда жатыр. –Әй, сүмелек, жатысың не, жүр үйге дегеніне, баласы – Апа, мен Қазипамен қаламын деп ыржақтайды. – Оңбаған, тұр, жүр үйге!- деп шапалақпен тартып жібергенде, баласы: – сені де білем ғой, пәк екеніңді деп өзіне дүрсе қоя берді. Ас үйден шыққан Казипа:

– Менің үйіме келіп шу шығаратындай сен кімсің – дегенде баласы Алтай: – менің апам ғой, деп жауап бергені сол еді. – Әә, осы қатын ба сенің шешең,  әбден жүргіш деп естуші едім. Сұлулығының арқасында райком болды деуші еді. Сейсекүл шыдамай оны да ұрмақшы болып ұмтылғанда, келіншек: – ал ұр, ертең соттатып жіберейін сені, дегенде шыдамай үйден шығып кетті. Үйіне келсе келіні кетіп қалыпты немерелерін алып: – Апа, кешіріңіз, сізге артар кінәм жоқ. Балаңызбен енді тұра алмаймын, – деп қағаз жазып кетіпті. Ал баласы болса, бір күні келіп киім-кешегін алып мол кетті. Ал кеп жыла. Құдайға не жазып едім. Көрсетейін дегенің осы ма? Жалғыз қалды. Әкесі болса осылай істер ме еді? Кезінде күйеуге шығып алуым керек екен ғой. Еркек болса бұлай болмас еді ғой, деп ойлайды, отырады да жылайды. Немерелерін де сағынады. Анда-санда көрші-қолаңнан естиді. Баласы әйелі екеуі қосылып арақ ішеді екен. Күнде той, күнде жиын. Оқу жылы аяқталар кезде баласын мектептен жұмыстан шығарыпты. Күнде ішіп жұмысқа да келмейді екен. Бір күні баласы келіп тұр үйіне сүмірейіп.

– Апа, кешіріңіз. Мені ана әйел үйінен қуып жіберді. Жатып ішерді асырайтын шамам жоқ деп. – Енді не істейсің дегеніне, – Бір жұмыс табылар дейді. Амал жоқ, іштен шыққан жылан. Кіргізді. Содан баласы жұмыс іздеймін деп ертемен кетеді де, түн ортасында мас болып үйіне келеді. Күнде осы. Бір күні түнде келмеді. Не болды бұған аман ба екен деп отырғанда , есіктің алдына бір жеңіл автокөлік келіп тоқтады. Ішінен көрші ауылда тұратын, елге силы, көп жыл басшы қызметте істеген Амантай түсті. Оо, Әбеке, келіңіз, үйге кіріңіз деген Сейсекүлге: – Тоқта, сен екеуміз қарабет болдық. Мына балалар жерге қаратты ғой. Сенің балаң мен менің баламды милиция ұстап алып, қамап қойыпты. Екеуі де наша тартады екен. Ішкендері арақ. Милицияның бастығы менің қолымда істеген жігіт еді, соған жалынып, әрең босатып алдым. – Енді не істейміз, соны ақылдасуға келдім деді. – Емдетейік, Біздің қолымыздан басқа не келеді? – Онда келістік. Мен аудандағы кісілермен сөйлесіп, емдеуге жіберейік,- деді. Емделуге кеткен баласы 3-4 күннен кейін қайтып келді. – Онда бармаймын. Арақ ішпеймін деп уәде берді. 2-3 күн үйде тыныш жүрді. Бір күні – апа, 200 теңге беріңізші, шылым алайын деген соң берді. Келесі күні тағы да 200, 500, 1000 теңге. Ақша жоқ десе қарызға алып беріңіз деп қоймайды. Амал жоқ, үйдегі кіржуғышты, теледидарды сатты. Баласы тек ақша бер дейді. Күндер жылжып өтіп жатты. Баласы кейде мас, кейде біртүрлі есі ауысқан адамша өзімен өзі сөйлеседі. Зейнетақысын алған күннің ертесіне тағы ақша сұрады. – Жоқ, бере алмаймын дегеніне, баласы- бер, маған керек болып тұр деп діңкілдеді. – Жоқ, деп еді – Мені өлтірмесең бер. Бір доза керек.

  • Немене, анашадан басқаға көшкенсің бе дегенде, – Бер деймін. Әйтпесе өлесің. Жоқ, деп еді ұрды, тағы да ұрды. Әкел ақшаңды деп кеудесін жыртып жіберді. – Охо, бар екен ғой, кезінде қызығыңды талай ел көріп еді, енді мен де көрейін деп ышқырына жармасты. – Жібер деймін оңбаған, не істейін деп жатырсың. Ойбай, жібер деймін дегеніне қарамай, ішкиімін жыртып, үстіне қона кетті. – Ойбай, оңбаған, жібер деп шыңғырғанда, тыныш жатасың ба өзің деп, қалтасынан пышағын алып, ішінен періп жіберді. – Ойбай өлдім дегеніне қарамай ісіне кірісті. Анасы баласының шашына жабысып тартып еді, қоймадың ғой деп, пышақты кеуде жағына сілтеп жіберді.Ақшаңды аламын, қызығыңды көрдім деп үстінен түсті де ышқырынан шашылған ақшаны алып үйден шыға берді. Анасы да соңғы демін алып, жүріп кетті. Ауылдың клубында Алтайды соттады. Бүткіл ел бетіне түкіріп, өлім, өлім деп айқайлады. Сотқа әйелі Әлия да балаларымен келген екен. Баласы бұл менің әкем емес қой. Тегімізді өзгертіп жазыңыз, мама деді.

                                                                                                               Москау Ноқрабеков

                                                                                                                     (Басы өткен санда)

(23)