mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Құс етi мен сары май қауiптi 

Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бiрiншi вице-министрi Арман Евниев: «Қазiргi таңда азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша бiрыңғай мемлекеттiк органды анықтау қажеттiлiгi туындады. Iшкi нарықты қорғау мәселелерi — техникалық регламент талаптарының сақталуын бақылайтын бақылау-қадағалау органдары үшiн басты мақсат.

Бiз қазiргi таңда аталған механизмдi iшкi нарықты қауiптi жасанды өнiмдерден қорғау ретiнде толыққанды пайдаланбайтынымызды мойындауымыз керек. Мысалы, елге әкелiнетiн мұздатылған құс етi қайта-қайта мұздатылады. Бұл оны қауiптi етедi әрi бағасын өсiредi. Өйткенi, өнiмнiң салмағын арттыру үшiн су және басқа қоспалар енгiзiледi. Бiр келi сары майдың өндiрiсiне техникалық шарттарға сай кем дегенде 22 литр сүт қажет. Осылай жасалған майдың келiсi 2750 теңгеден арзан болмауы тиiс. Талдауға сәйкес, 2017 жылдың 11 айында елге әкелiнген импорттық сары май көлемi 1858 тоннаны құрады. Оның сомасы 8,6 млн долларға жеттi. Осылайша, орташа алғанда сары майдың келiсi 1514 теңге болды. Яғни, екi есе арзан. Бұл — сары май өндiрiсiнде пальма мен кокос майлары сияқты арзан сүт алмастырғыштар қолданылады деген сөз.

Сондықтан, тұтынушылар бiздiң тексеруімізден өткен өндiрушiлердiң өнiмiн алуға тырысады. Төмен бақылаудың салдарынан мұндай өнiмдер бiздiң өндiрiстiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн төмендетедi. Сондықтан, бүкiл азық-түлiк өнiмдерiн мемлекеттiк бақылау бойынша тиiмдi жұмыс атқару үшiн бiрыңғай өкiлеттi орган ретiнде Ауыл шаруашылығы министрлiгiн бекiтудi ұсынып отырмыз»,— деп, заңға өзгерістер енгізуді сұрады. Отырыста Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек: «Қазiргi таңда мемлекеттiк бақылау 78 техрегламенттiң 54-i бойынша жүргiзiлетiнiн айтты. Бұл — 69 пайыз. Бүгiнгi күнi Денсаулық сақтау министрлiгi көбiнесе азық-түлiк өнiмдерiн тексередi, ал өнеркәсiп өнiмдерi бақылаудан тыс қалып қояды»,— десе, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов болса: «Министрлік жүргізіп отырған бақылау бойынша соңғы жылдары сапасыз өнімдер үш есе азайған»,— дейді. Сонда кімге сенуге болады?

Қазiргi таңда елiмiзде азық-түлiк қауiпсiздiгiн бақылаумен Денсаулық сақтау министрлiгiне тиесiлi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетi мен Қазақ тағамтану академиясы айналысатыгыг еске салсақ дейміз.

(8)