mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

ҰБТ өзгеріссіз қалады

ҰБТ болмай қалуы мүкін деген қауесетті жоққа шығарған ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі: «Кей ақпарат көздеріндегі шатастырулар ұлттық бірыңғай тестілеу туралы сертификат талап етілмейтін колледждерге қабылдау туралы жарлықтан туындаған.

Жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ сақталады. ҰБТ-ның алынып тасталуы мүмкін деген хабардың еш негізі жоқ. Бұдан бөлек, жекеменшік мектептер өзіндік қаржы талаптары бойынша құқығынан айырылмайды. Яғни мемлекет ол жерде балалардың тегін білім алатынына кепілдік бермейді.

Үкіметтегілер 2018 жылы нарықта тегін орындардың пайда болатынын күмәнмен қарауда. Сондай-ақ, министрлік өкілдері ғылыми гранттар туралы «грант ұтып алғысы келетін ғалымдар ұлттық ғылыми кеңес мүшелігінде болмауы тиіс» деген мәлімдемені де жоққа шығарады. Шын мәнінде, қатысушылар тек өздері ұсынған жоба бойынша дауыс беру кезінде ғана комиссия бөлмесінде отыруына болмайды»,—  деп түсіндіреді.

(20)