mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қарағандыда тағы да дау шықты

Қарағандыдағы Ленин атындағы шахтада тағы да дау шықты. Бұған «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның лауазымды қызметкерлерінің Ленин атындағы шахтада болған жайсыз жағдайды жасырып қалу әрекетінің әшкереленуі түрткі салған көрінеді.

Сөйтсе, кәсіпорын басшылары жұмысшының жарақат алу жағдайын жасырып қалып қана қоймай, жол-көлік оқиғасын ойлап тауып, шахтердың жарақатты соның салдарынан алғандығын дәлелдеп бағуға тырысқан. Кәсіпорын басшыларының жымысқы әрекетін Шахтинск қаласының соты әшкерелесе керек. Белгілі болғанындай, 9-ы қараша күні жұмыс істеп жатқан жұмысшы биіктіктен құлап кетіп, оған оның әріптесі алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ал дәрігерлер жұмысшының басынан және иығынан қатты соққы алғандығын растаған. Жайсыз оқиғаны бөлім бастығы тіркеуге алмаған.

Ол жұмысшыға демалыс беріп, үйіне жіберген. Ал ол үйіне кетіп бара жатып, жолда есінен танып қалған. Осыдан кейін емдеу шаралары бірнеше айға созылған. Осы себепті шахтер компанияны жауапқа тартпақ болған. Ол Ленин атындағы шахтаның басшылығына қарсы арыз жазып, жайсыз оқиғаны растап, тиісті акт беруін сұрапты. Алайда өзге шахтерлердан оқиға туралы сұрағанда олардың барлығы оқиғадан бейхабар болып шыққан. Яғни болған жайдың дәлелі жоқ. Сөйтіп, компания жұмысшының басында болған жайды мойындаудан бас тартқан. Зардап шеккен азамат Шахтинск қаласының сотына шағымданыпты. Шахтаның лауазымды қызметкерлері жол-көлік апаты болғаны туралы білетіндерін және жарақаттың сол апаттың салдарымен тікелей байланысты екендігін сенімді түрде мәлім еткен.

Алайда судья мұндай апаттың болмағандығын дәлелдеп шықты. Шахтинск қалалық сотының судьясы Ерлан Сыздықов: «Жауапты азаматтың жол-көлік оқиғасы туралы мәліметтері расталмады. Ішкі істер органының өкілдері мұндай оқиға болмағандығы жөнінде анықтама берген, зардап шеккен азаматтың медициналық тексеру жөніндегі құжаттары да оның жол апатына түспегендігін дәлелдеді»,— дейді. Шахтада болған жайсыз жағдайды судья толықтай растады және «АрселорМиттал Темиртау» компаниясына Қарағанды облыстық еңбек инспекциясы мамандарының қатысуымен осы оқиғаға тексеру жүргізуге мәжбүрледі.

(8)