mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Тек әділ шешім қабылдайтын судьяларды тағайындау керек

Елбасы Н.Назарбаев Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы Анатолий Смолинді қабылдады. Кездесуде Смолин мемлекет басшысына Жоғарғы Сот кеңесінің 2017 жылғы қызметі және Қазақстан судьяларының VII съезінде берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері жөнінде, атқарып жатқан қызметінің, соның ішінде елбасының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын іске асыру, сондай-ақ құқық қорғау қызметін реформалау аясында құрылған тергеу соттарының құрамын қалыптастыру барысындағы қызметінің перспективті бағыттары жөнінде баяндады. Өз кезегінде Мемлекет басшысы:

«Біз сот жүйесіндегі реформаны заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін жүргізудеміз. Сот кадрларын іріктеуді әділетті жүргізу үшін біз дербес Жоғарғы Сот кеңесін құрдық. Ол тәуелсіз және ешкімге бағынбайды. Ұлт жоспарының 17-қадамын іске асыру тұрғысынан судья лауазымына үміткерлерді іріктеу барысында меритократия қағидатын басшылыққа алу қажет. Бұл кадрларды іріктеудің сапасын арттыруға тиіс. Тек әділ шешім қабылдайтындарды тағайындау керек. Адамдар сонда ғана өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінетін болады», – деді. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан президенті А.Смолинге бірқатар нақты тапсырма берді.

(10)