Маңғыстаулықтар ауыл шаруашылығы саласы бойынша алғашқы орында

Маңғыстау облысы шаруашылығы саласының көрсеткіштері бойынша 2017 жылы бірінші орынға шықты. Мұны кезекті аппараттық жиын барысында облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Серік Қалдығұл мәлімдеді. Сондай-ақ, басқарма басшысы ауыл шаруашылығы саласының 2018 жылы атқарылатын жұмысын жоспарлап, болашаққа бағдар жасады.
Өңірде ауыл шаруашылығы саласы ойдағыдай дамып келеді. Бұл бағытта былтыр республика бойынша 1 орынға шықтық. Басқарма басшысының айтуынша, аталған сала биыл да қарқынды дамиды. Себебі шаруашылықпен айналысамын деушілерге жақсы мүмкіндік жасалуда. Нақтырақ айтсақ, биылдан бастап мал азығының 50 пайызы субсидияланады. 15 млрд теңгенің инвестициясы тартылып, 570 адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, облыс тұрғындарын қолжетімді көкөністермен қамтамасыз етіп, 60 құдық қазу жоспарланған. Айта кетсек, құдық қазуға жұмсалатын шығынның 80%-ы субсидияланады. Асылтұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында да бірқатар шаралар қолға алынбақ.
Айман Нұрмағанбет

(36)