mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жаңа салық заңы нені көздейді?

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов: «2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексі бойынша пәтерді заңды түрде жалға беру тиімді болмақ. Бұрын табыстың 2 пайызын төлеу қажет болса, енді мөлшерлеме екі есе азайды. Бұл — шағын бизнес үшін патент режимі. Салық төлеуден жалтарудан министрлік, бюджет қана емес, қарапайым халық, мына сіз бен біз ақша жоғалтамыз. Себебі бұл — ортақ ақша, елдің ақшасы. Салықты құрайтын — біздің қоғам. Патент бойынша салық мөлшерлемесі екі есе азайса, бұрын мұны қымбат деп санайтындар үшін бұл енді айтарлықтай қымбат болмайды. Алдымызда есеп беру, анықтамалар жинау секілді мәселелер тұр. Салықтың аз мөлшерлемесін ұсынып қана қоймай, бұл процедураны орындау үшін Мемлекеттік кіріс комитетімен бірге тексеріс жүргіземіз. Пәтерді заңсыз жалға беретін азаматтар саны бірден азаяды деп ойлаймын», — деп сенім білдірді.

(7)