mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ең үздік елдер тізімінде әлемде 70-орындамыз

АҚШ-тың U.S. News & World Report журналы әлемдегі ең үздік елдердің рейтингін жасады. Бұл тізімде Қазақстан 70-орыннан көрінді. Бағалауға 80 ел қатысып, үздіктер тоғыз көрсеткіш бойынша таңдалды. Елдер онда туризм, мәдениет, тарихи мұра, саяси салмақ, бизнеске ашықтық, кәсіпкерлік, халықтың жалпы өмір сүру деңгейі, экономика өсімінің жылдамдығы, өмір сапасы сынға түсті. Сонымен алғашқы үздік бестікте: Швейцария, Канада, Германия, Ұлыбритания және Жапония. Бір қызығы осы рейтингті ұйымдастырушылар өз елі АҚШ-ты жетінші орынға қойыпты.

(7)