mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

2018 жылы жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 405 теңге болды, ал жалақының ең төменгі мөлшері (ЖТМ) – 28 284 теңге болды. Сондай-ақ, ең төменгі күнкөріс мөлшері де өзгерді, ол — 28 284 теңге. Еgov.kz мәліметі бойынша, баланың тууына байланысты бір реттік төлем (жұмыс істейтін және істемейтін әйелдер үшін) ҚР «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар» туралы 10-заңына сәйкес келесідей болады: бірінші, екінші, үшінші балаға — 38 АЕК. Осылайша, төлем сомасы 91 390 теңге; бесінші және одан кейінгі балаға — 63 АЕК немесе 151 515 теңге. Бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша төлемдер (жұмыс істемейтін адамдар үшін): бірінші балаға — 5,76 АЕК (13 852,8 теңге); екінші балаға — 6,81 АЕК (16 378,05 теңге); үшінші балаға — 7,85 АЕК (18 879,25 теңге); төртінші және одан кейінгі балаға — 8,90 АЕК (21 404,5 теңге).

Тұрмысы нашар отбасыдағы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы: 18-ге толмаған әрбір балаға 1,05 АЕК немесе 2 525,25 теңге. Мүгедек баланы тәрбилеушіге берілетін жәрдемақы — 1,05 (ЖТМ — 29 698,2 теңге). 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы 1,05 АЕК немесе 2 525,25 теңге. ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне — 16 АЕК (38 480 теңг). ҰОС кезінде қаза (көз жұмған, хабарсыз кеткен) болған жауынгерлердің қайта отбасын құрмаған жесіріне — 4,48 АЕК (10 775 теңге). «Алдын алқа», «Күміс алқа» алған көпбалалы аналар немесе бұрын «Батыр анна», сондай-ақ, I және II деңгейдегі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандарға — 6,40 АЕК (15 392 теңге). I, II топ мүгедектеріне — 1,49 АЕК (3 584 теңге). III топ мүгедектеріне — 0,64 АЕК (1 540 теңге). Саяси қуғын-сүргін құрбандарына; мүгедектігі бар немесе зейнеткерлерге — 1,07 АЕК (2 574 теңге). 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес тылда еңбек еткен және бұрынғы КСРО-ның еңбек үшін ордендері мен медальдарымен марапатталмағандарға — 2,13 АЕК (5 123 теңге). Чернобыль АЭС және басқа да радиациялық апат, ядролық қару сынақ салдарынан мүгедек болғандар және мүгедектігі ата-анасының радиация алуына қатысты балаларына — 7,55 АЕК (18 158 теңге). Чернобыль АЭС және басқа да радиациялық апат салдарынан қаза болғандар отбасына — 4,59 АЕК (11 039 теңге). 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-дегі апат салдарын жоюға қатысқандар және қауіпсіз жерге шығарылғандар, эвакуация кезінде жатырда болған балаларды қосқанда — 2,13 АЕК (5 123 теңге). Елге ерекше еңбек сіңірген тұлғаларға — 1,07 АЕК (2 574 теңге).

Әскери қызметін атқару кезінде және бейбіт уақытта көз жұмған әскерилер отбасына — 4,59 АЕК (11 039 теңге). Ауғанстандағы немесе өзге елдердегі қақтығыс кезінде жарақат, контузия және сырқат салдарынан көз жұмған (хабарсыз кеткен) әскерилер, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлерінің отбасыларына — 4,59 МАЕК (11 039 теңге). «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» сыйлығына ие болған тұлғаларға — 138,63 АЕК (333 406 теңге). Аянбай еңбек еткені және ҰОС кезінде тылдағы мінсіз еңбегі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен марапатталғандарға — 2,13 АЕК (5 123 теңге). Жәрдемақылардың толық тізімімен электронды үкіметтің сайтында танысуға болады.

(13)