mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Франция EXPO көрмесін өткізуден бас тартты

Deutsche Welle Journal du: «Франция Expo-2025 бүкіләлемдік көрмесін өткізуге берген өтінішін қайтарып алды»,— деп хабарлайды. Францияның премьер-министрі Эдуар Филипптің сөзіне қарағанда, мұндай жағдайға қаржы мәселесі себеп болған. Франция Expo-2025-ті өткізуге 2017 жылдың қыркүйегінде өтініш берген болатын. Онда олар әлемге танымал көрмені 35-тен 65 млн адамға дейін тамашалай алатындығын хабарлаған еді. Айта кетерлігі, Миланда өткен Expo-2015 көрмесін 20 млн адам тамашалаған еді. Франция бас тартқаннан кейін Expo-2025 көрмесін өткізуге үш ел —  Әзірбайжан, Ресей, Жапония үміткер болып қалып отыр. Көрмені өткізуге құқық алатын елдің аты 2018 жылдың қарашасында жарияланады.

(8)