Спорт фестивалі – қазақстандық ойыншыларға арналады

Атырау қаласының тұрғындары мен қала қонақтары Оңтүстік Кореяда өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшыларға қолдау көрсету мақсатында  Жайық өзенінің үстінде спорттық ойындар фестивалін  ұйымдастырды. Қаңтардың аязды күні бұған қолайлы жағдай туғызып, адамдар көп жиналды. Ауа райы ашық, жерде қар болып, арнайы дайындалған мұз алаңы жиналағандарға керемет көңіл күй сыйлады.

Фестивальді қалалық әкімдік пен дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Өткізілетін жарыстарға тілек білдірген барлық қала тұрғындары қатысуға мүмкіндік алды. Жеке және топтық сайыстарда бақ сынаған атыраулықтар маңайды көңілді думанға бөледі. Көптеген қалалықтар мерекеге отбасымен келді. Бірі коньки тепсе, енді бірі xоккей және отбасылық көңілді старт ойындарына қатысты.

Спорт фестиваліне 500- ден аса қала тұрғыны  қатысып, осылайша Қазақстан құрамасына өздерінің ізгі қолдау ниетін жолдады.

   Светлана Муньянова,

                                                                                  Атырау қаласы

 

 

(13)