mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

   Енді мемқызметкерлерге мереке сайын сыйақы берілмейді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова: «Осыған дейін әр мереке сайын мемлекеттік қызметкерлер тең көлемде сыйақы алатын. Енді жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге мереке сайын сыйақы (бонус) төленбейді. Біз біртіндеп бұл жүйеден кетеміз. Мемлекет басшысы өнімді еңбек ететін мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру туралы нақты тапсырма берген. Соған орай, бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер атқарған жұмысына қарай жалақы алады. Бонус тек тиімді жұмыс істеген мемлекеттік қызметкерлерге олардың жұмысын бағалау нәтижесі бойынша белгіленеді. Жаңа әдістеме бойынша мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау жылына бір рет, яғни желтоқсан айында жүргізіледі. Соның қорытындысы бойынша осы айда бонус төленеді. Болжам бойынша бонус көлемі 4 лауазымдық еңбекақыдан кем болмайды деп жоспарланып отыр. Бонус қоры мемлекеттік органның қаншалықты нәтижелі жұмыс істегеніне байланысты қалыптасады. Егер мемлекеттік орган алдына қойылған міндеттерді орындаса, тиісінше бонус толық көлемде төленеді. Егер жұмыста кемшін тұстар байқалып, қандай да бір міндет орындалмаса, бонус қоры түзетіліп, тиісті көлемде қысқартылады», — деген мәлімдеме жасады.

(12)