mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Өзбекстан мен Тәжікстан визадан бас тартуға дайын

centrasia.ru сайты: «Asia Plus Тәжікстан басылымы мемлекеттегі билік дереккөзіне сілтеме жасап, Душанбе мен Ташкент арасындағы келіссөздердің оң нәтиже беріп жатқанын хабарлады. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Өзбекстан премьері Абдулла Арипов кеше кездессе де, бұл туралы ресми ақпарат аз»,— деп хабарлайды.

Есесіне аталған сайт жүктеушісі екі елдің жаңа автобус және теміржол маршруттарын ашқанын, шекараны толықтай делимитациялағанын және визасыз жүру мәселелерін қарастырғанын айтса керек. Егер осы айтылған мәселелер толықтай жүзеге асырылса, Орта Азиядағы көршілердің қарым-қатынасы жыли түседі. Кеше Өзбекстан премьері Абдулла Арипов пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон арасында болған келіссөздер — президент Шавкат Мирзиеевтің Душанбеге сапарына дайындық қарсаңында жүргізілді. «Қиямет күні қайырымсыз болған көршіні ешкім де кешірмейді. Осыған орай Өзбекстан президент Мирзиеев: «Бұл оңай шаруа болмайтыны анық. Бірақ, біз 20 жылдан бері қатып тұрған мұзды ерітуіміз қажет»,— деген болатын.

(15)