mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қыздар қарсыластарының бәрін жайпады

Сербияның Сомбор қаласында «Ұлт кубогы» деп аталатын халықаралық турнир өтуде. Аталған байрақты бәсекеге қатысып жатқан қазақстандық боксшы қыздар бұл додада сәтті өнер көрсетті.

Мәселен, Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) алтын медальге қол жеткізсе, тағы 12 аруымыз ақтық сынға жолдама алды. Олар: Шырайлым Бақытжан, Алман Қаршыға, Алина Тырлубаева (бәрі – 48 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Дина Жоламан, Аида Тұяқбай (екеуі де – 54 кг), Назым Ишанова (57 кг), Карина Ибрагимова (60 кг), Мадина Нұршаева (64 кг), Дариға Шакимова, Ақерке Бақытжан (екеуі де – 75 кг) және Фариза Шолтай (81 кг). жергілікті Soinfo.org. қыздарымыздың көрсеткен өнеріне тәнті болғаны сондай, өз бетінде: «Қазақстан арулары шаршы алаң төрінде басқаларға бет қаратар емес. Боксшы қыздар ел есінде айтулы өнерлерімен қалды. Олар жай ғана жеңіске жетіп қойған жоқ, оған қоса шабуылдай жүріп ұрыс салатын ерекше мәнер көрсетті. Оларға қарсыластары шыдас бере алмады»,— деп жазады.

(12)