mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Н.Назарбаев – өңірдегі көшбасшылардың үздіктерінің бірі

Forbes басылымы мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапары қарсаңында «Қазақстан президенті Трамптың Ақ үйіне бет алды» атты Кеннет Рапозаның мақаласын жариялады. Онда автор: «Н.Назарбаев — басқа көшбасшылармен салыстырғанда, өңірдегі үздіктердің бірі». «Еуропалық Одаққа мүше болған Балтық өңіріндегі 3 елді қоспағанда, бұрынғы кеңес елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда саяси жағдай тұрақты». «Нұрсұлтан Назарбаев – бұрынғы Совет Одағының Ангела Меркелі емес. Соңғы он жылдықта Назарбаев елді көршілер мен кең байтақ Орта Азияға үлгі болатындай, заманауи түрде өзгертуге күш салды». «Қазақстан ядролық қаруға тыйым салу жөнінде кампанияны басқарып, Астанада Сирия бойынша бірнеше мәрте бейбіт келіссөз жүргізуге ұйытқы болды. Ол Астана процесі ретінде танылған. Назарбаев өзіне Орталық Азиядағы делдал ретінде қарағанды қалайды. Бұл тұрғыда ешкім оған бәсекелес бола алмайды. Назарбаев АҚШ президенті Трамптың жаңа Оңтүстік Азия стратегиясын қолдады. Жаңа стратегияның ішінде Ауғанстандағы тәлібтерге қарсы күресті күшейту, Ауғанстанға қарсы содырларды өз елінде жасырғаны үшін Пәкістанға санкция енгізу бар. Трамп пен Назарбаев телефон арқылы сөйлескенде, АҚШ президенті «Қазақстанның аймақтық және ғаламдық көшбасшылығы, оның ішінде, қаңтардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуі үшін алғысын білдірді»,— дейді. Ал, Лондондағы «Фокус Экономикс» компаниясының экономисі Нихад Ахмед: «2018 жылы «Шеврон» капитал салу мен барлау бағдарламасын жария етті. Оған 18,3 миллиард АҚШ доллары бөлінді. Соның 3,3 миллиарды АҚШ-тағы Пермиан бассейніне, ал 3,7 миллиарды Қазақстанға жіберіледі. Биыл бұл компанияның Қазақстан аумағында жұмыс істегеніне 25 жыл толады. Егер мұнай бағасы ойдағыдай болса, Теңіз бен Қашаған Назарбаевтың заманауи Қазақстанды құру міндетінің орындалуын нығайта түседі. Қытайлар да көмектеседі. Қытай Қорғасқа миллиондап қаржы құйды. Қорғас – екі елдің шекарасында орналасқан әлемдегі ең ірі құрғақ порттардың бірі. Қазақстан Қытайдың көп ғасырлық Жібек жолын қайта жандандыруды қолдайды»,— деген ойын ортаға салады. Саясаттанушы Омеличева болса: «Назарбаевтың Вашингтонға сапары қарсаңында «көңілі күпті емес». Елге Ресейдің баса көктеп кіру қаупі жоқ. Революция жоқ. Қытайдан немесе «Шеврон» компаниясынан инвестициялар басқа «стандартқа» емес, дәл Қазақстанға түсіп отыр. Бұл инвестициялар азаматтық шиелініс себебінен Украинаға да құйылып отырған жоқ. Оны әділетті бағалауымыз керек. Оның жүргізіп отырған саясатының көп тұсын сынауға болады, бірақ ол барлық жағынан – көреген көшбасшы. Назарбаевтан басқа елді аяғынан тік тұрғызу үшін көп жыл қатарынан білімге инвестиция құйған бірде бір президент ойыма келмей тұр. Қазір соның жемісін көріп отыр»,— деп пікір қосады. Кеннет Рапоза өз мақаласын: «Назарбаевты ел қалай қабылдаса да, оның Совет Одағы құлағаннан кейін саяси тұрақтылықты сақтап келгені айдан анық. 30 жылдың ішінде ол елді біріктіре алды»,— деп түйіндейді.

(25)