mm
Халықаралық "Қазақстан-Zaman" қоғамдық-саяси газетінің журналисі. Отбасы, білім, мәдениет-өнер бөлімдеріне жауапты.

Күйеубала мен ене туралы

Бауыржан атамыздың келіні, салт-дәстүрді насихаттаушы, бірнеше кітаптардың авторы Зейнеп Ахметованың ғибратты әңгімелерінен жиі беріп тұруды жөн көрдік.

– Қазақтың ғұрпында күйеубаланың енеге қарсы келуі, сөз қайтаруы деген болмаған. Ондайды ауылдың өзі оңдырмайды. Мысалы, қызды ұзатқан кезде қыздың көшіне шешесі ілеседі. Шешесінен басқа, бауыры, жеңгесі ереді. Бірақ, көшті шешесі бастайды. Келін түсіріп, той болғаннан соң өзгелер қайтады да, құда-құдағилары қыздың шешесін «кішкене үйренгенше келініміздің қасына болыңыз» деген ниетпен өтініп алып қалады. Шынында да, шешесі қасында қалып, келіндік өмірге үйретеді екен. Мұнан соң құдағиды шығарып салу міндеті өзгеге емес, күйеубалаға жүктеледі. Ол кезде атпен жүретін заман. Бір қонып бара ма, екі күн қонып бара ма, бірақ тек қана күйеубала серік болады. Сонда жол-жөнекей бір-біріне сыр айтып, енесі қызын табыстайды, сенім артады. Сөйтіп, енесінің ақылын тыңдап, күйеубала да енесіне жақын бола бастайды. Ауылға келгеннен соң күйеубалаға арнап мал сойылады. Күйеубала аттанарда міндетті түрде ат жетектетіп немесе алдына бұзаулы сиыр салып береді, құр жібермейді. Содан кейін күйеубала атасының үйіне тәжім жасап кіреді, «Пайғамбар да күйеуін сыйлаған» деп жатамыз, шаңырақ салар кезде де алыстан кәрі күйеуді шақыртқан. Ал ене мен келіннің, ене мен күйеу баланың бір-біріне қайшы келуі сырттан келді. Әйтпесе, біз бір-бірін сыйлаған халықпыз. Сырттан келгенде, тең құқық деп жүріп, біз көп нәрседен айырылып қалдық.

(58)