Жомарттық — баршаға ортақ міндет

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында айтылған міндеттер кезең- кезеңімен орындалуда. Оның ішінде еліміздегі мүгедектерді, сал ауруына шалдыққан адамдарды жұмысқа орналастыруға көмектесуге және олардың белсенді өмір сүруіне ықпал жасауға байланысты маңызды тапсырмалары  аудан көлемінде жүзеге асырылып келеді. Осы тапсырмалар негізінде аудандағы билік өкілдері өздеріне жүктеген жауапкершілікті мінсіз атқаруда. Соның бірі жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудандық мәслихат депутаттары екінші топтағы мүгедек Көпжасар Фазылхановқа қайырымды қамқорлық жасап, Шұбаркөл көмірін үйіне түсіріп берді. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Аягөз Рақымжанқызы партия атынан сый-сияпат жасады. Жаңа жыл қарсаңында қуанышқа кенелген Көпжасар ағамыз аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың депутаттарына алғысын айтып, мерекелік тілеген жолдады.

(4)