Жарты миллион қытай Қазақстанда не істеп жүр?

Қытайтанушының Қытай туралы ойлары төмендегідей: «Қытай соңғы уақытта пассионарлық көңіл күйде жүрген мемлекет. Қытайдың басты тірегі — 5 мың жылдық мәдениеті. Қытай мәдениеті — Қытайдың негізгі қаруы. Олар шоғырланса, өз қалаларын бөлектеп салады. Мәдениетін сақтап, тек өз тілдерінде сөйлейді. Сөйтіп алға жылжиды. Қазір Қытай Шыңжаңның дамуына көп қаражат бөліп отыр. Ханзулар қазіргі кезде Қытайдың орталығынан бері қарай көптеп қоныс аударуда. Олар Шыңжаңның билігіне емес, тікелей Бейжіңнің нұсқауына ғана бағынады. Қорғастың арғы жағында құрамында миллионнан астам адам бар еңбек және құрылыс бригадалары жұмыс істеуде. Олар бұйрық алған күні-ақ бір сәтте қолына қару ұстаған әскерге айналып шыға келеді. Оның 95 пайызы қытай. Ұйғыр мен қазақ жоқ онда. Оларды жолатпайды. Біз бұған ойлана қарауымыз керек. Қытайдың географиялық аймағы үлкен болып көрінгенімен, көбісі адам тұратын жер емес. Қытай жыл сайын 30 миллион адамға көбейіп келеді. Олардың жылжитын бір-ақ бағыты бар. Ол — Қытайдың солтүстік-батыс бағыты. Яғни, біздің атамекеніміз. Яғни, біз үшін Қазақстан мен Орта Азия үшін ерекше қауіпті. Қазақстанға Қытайтану институты керек. Қытай мен түркілердің байланысы, бұлардың бәрі өте қызықты тақырып. Қытай — дүниежүзіндегі алып күштердің бірі. Біз — онымен күнделікті араласып отырған көрші елміз. Екі ел арасындағы өзара байланыстарды дұрыс жүргізу үшін Қытайдың 5 мың жылдық бейнесін тұтас қарастырып, зерттемей болмайды. Бұл біздің ең басты міндетіміз болуға тиіс. Біздің Қытай туралы қазіргі танымдық түсінігіміз үзік-үзік, яғни фрагментарлық кейіпте. Қазір Қазақстанда Қытай жағының мәліметі бойынша жарты миллион қытай жүр. Олар не істеп жүр? Мақсаты қандай? Осы сұрақтарға жауап берер бірде-бір ғылыми-зерттеу институты жоқ. Оны неге ашпаймыз?»

 

Мұрат Әуезов

(19)