mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бокс: Мақсат — Индонезияда топ жару

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов ұлттық құраманың жаңа маусымға дайындығы мен алдағы жоспары туралы айтып берді.

Маман: «Қаңтардың бесінен бастап жаңа маусымға дайындық жұмыстарын бастап кеттік. Жиын қаңтардың 23-іне дейін жалғасады. Ақпаннан бастап халықаралық жарыстар басталады. Ал биылғы маусымның ең негізгі турнирі Индонезияда өтетін Азия ойындары болмақ. Бұл жарыста жалпыкомандалық бірінші орын алуға барымызды салатын боламыз. Басты қарсыластарымыз — әлбетте, сол баяғы Өзбекстан құрамасы»,— дейді. Мырзағали Айтжанов: «Оқу-жаттығу жиынына құраманың белді боксшыларының баршасы дерлік қатысуда, олар: Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Қайрат Ералиев бастаған әйгілі боксшылар. Жиынға әуесқой бокстағы мансабын уақытша тоқтататынын мәлімдеген Жәнібек Әлімханұлы ғана келе алмады. Жалпы қазір бізде төрт құрама бар. Барлық боксшыларымызды жарыстарға алып барып, арасынан ең мықтыларын Азия ойындарына қатыстырамыз. Индонезияға тек жүлдеге таласатын боксшылар ғана барады»,— деп атап өтті.

(9)