Балаларға шаттық сыйлады

«Нұр Отан» партиясы Жангелдин аудандық филиалы мен аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Балаларға қуаныш сыйлаймыз» атты ертеңгілік өткізіп, мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен қамқорлық акциясы ұйымдастырылды.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Шота Оспанов балалардың алдағы өмірлеріне бақыт, қуаныш пен шаттық тіледі. Қазақстанның патриот перзенттері атанып, ойлаған арман-мақсаттарына жете беруіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар табыстады.
Балалар мерекелік кеш соңы аудандық білім беру бөлімі жанындағы кәсіподақ ұйымының мұрындық болуымен өткізген «Немерелер мерекесі — отбасылық бақытты шақ» көрінісін тамашалады.
Байбатыр Ниязбекұлы,
Жанкелдин ауданы

(16)