Сот-медициналық сараптамалар неге кенжелеп қалған?

Бұл сауалды ҚР Парламентінің Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында көтерген Палатаның вице-спикері Владимир Божко: «Аталған мәселеде ең басты қолбайлау — ел ай-мақтарында сотмедсарапшылардың жетіс-пеушілігі мен заманауи мәйітханалардың салынбауы. Еліміздегі құқық қорғау органдарында жұмыс істейтіндердің барлығы дерлік аталған сала бойынша облыс өңірлеріндегі көптеген аудандарда сотмедсарапшылардың жоқтығы салдарынан тергеушілерді мүрделер мен қылмыстық іс бойынша материалдарды орталықтан 200-ден 500 мың шақырым шалғайда орналасқан сотмедсараптама бөлімдеріне жіберуге мәжбүрлейді. Ал, ол өз кезегінде қылмыстық істерді тергеуді ұзаққа созуға ықпал етіп, іс бойынша өтетін тұлғалардың зардап шегуіне айтарлықтай әсер етеді. Мәселен, Астанада халық саны бес есе өссе де, мәйітханалар әлі күнге дамуы артта қалған облыс өңірлері деңгейінде қалып отыр, Алматыдағы жағдай да бұдан артып кете қойған жоқ»,— деп мәлімдеді. Билікте бірқатар жұмыстың басын қайырған тәжірибелі Божконың да бір білгені бар шығар. Ендеше, билік те вице-министр пікіріне құлақ асар деген ойдамыз.

(6)