mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бас уәзір министрліктерге қандай тапсырма берді?

Үкіметтің алғашқы отырысында мемлекет басшысының Жолдауы аясында министрліктерге бірқатар тапсырма берген ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев: «Инвестициялар және даму, Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне өндірістер мен кәсіпорындарда энергия тұтыну нормативтерін бекіту мәселесін пысықтауды тапсырамын. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Елбасының Жолдауын БАҚ-та түсіндіру үшін медиа-жоспар жасау керек. Құрметті әріптестер, бұл жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ, аталған жұмыстарды орындау барысында барынша оперативті болуларыңыз қажет», — деп аяқтады сөзін.

(8)