mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Егер сен болашағыңды жарқын еткің келсе, ҚазБСқА-ға оқуға кел!

Құрылыс саласы адам қызметінің сан қырлы жақтарын қамтитын көп салалы және көлемді үдеріс. Ой-пікір туындағаннан бастап, оны жобада іске асыру, содан кейін оны нақты нысанда орындау, жүзеге асыру үлкен іскерлікті қажет етеді. Барлық сатыларда жұмыс сапасы орындаушының дайындық деңгейіне, біліктілігіне және талантына байланысты.
Қазақстанда құрылысшыларды Астана, Қарағанды, Шымкент және басқа да қалаларында көптеген жоғары оқу орындарында дайындайды. Алайда құрылыс саласындағы негізгі және ең көне жоғары оқу орны оңтүстік астанамыз Алматы қаласында орналасқан Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) екендігінде сөз жоқ.
ҚазБСҚА мұражайында Қазақ тау кен-металлургия институтының құрамындағы «Құрылыс ісі» кафедрасынан бастап, Алматы сәулет-құрылыс институтына және кейінірек жетекші сәулет-құрылыс академиясына дейін дамуының барлық кезеңдерін бақылауға болады. Оның барлық кезеңдері академияның материалдық, зертханалық, ғылыми және ғылыми-интеллектуалдық базасын белсенді қалыптастыруға, кәсіби және ғылыми жағынан жоғары деңгейде даярланған педагогтарды іріктеуге ықпал етті.
2000 жылдан бастап профессор Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлының басшылығымен аталған академияның оқу үрдісі кредитті технологияға республика бойынша бірінші болып көшкен еді.
ҚазБСҚА, яғни Халықаралық білім беру корпорациясының (ХБК) құрылымындағы ең ірі факультет Жалпы Құрылыс факультеті болып табылады. Қазіргі уақытта факультеттің ғылыми-педагогикалық әлеуетін техника ғылымдарының докторы, 17 ғылым кандидаты, 10 техника ғылымдарының магистры құрап отыр. Факультеттің профессорлық-педагогтық құрамы құрылыс конструкцияларын зерттеу жұмыстарын ғимараттар мен имараттарды жобалау саласындағы әлемдік жаңалықтар мен тәжірибелерді енгізе отырып жүргізеді.
Қазіргі уақытта факультетте 5В072900 – «Құрылыс» мамандығы бойынша бакалавриатта 1214 студент білім алуда, оның ішінде 1158 студент күндізгі бөлімде, 56 студент сырттай және қашықтықтан оқыту бағдарламасы негізінде келесі мамандандырулар бойынша білім алуда:
• Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау (ҒИЕЖ);
• Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы (ӨАҚТ);
• Металл конструкцияларды жобалау және жинақтау (МКЖЖ);
• Жылу және газбен қамтамасыз ету және желдету (ЖГҚЖ);
• Сумен жабдықтау және кәріз (СЖК).
Факультетте 2003 жылдан бастап 6М072900 – «Құрылыс» мамандығы бойынша магистратура ашылған. Магистратурада оқу мерзімі 1 жылдық — техника және технология магистрі ғылыми дәрежесіне, 2 жылдық — техника ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесіне ие болады. Ал 2016 жылдан бастап 6D072900 – «Құрылыс» мамандығы бойынша PhD докторантура ашылды.
Факультеттің ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары төмендегідей:
күрделі геологиялық жағдайларда ғимарат табандарын, қиябеттер мен бөктерлердің орнықтылығын зерттеу, тіреуіш қабырғаларды және құрылымдарды жобалау;
жеңіл металдық-тенттік құрылымда-рын жобалау, дайындау және жинақтау;
сейсмикалық әсер ету жағдайында ғимараттардың беріктігі мен орнық-тылығын зерттеу;
гидротехникалық ғимараттардың гидравликалық есептеулері;
заманауи ірі қалалық инфрақұры-лымдық жүйелердің инженерлік-эколо-гиялық мәселелері.
Оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері: оқу үдерісін ұйымдасты-руды жетілдіру, оның интенсификациясы, жоғары біліктілікті, бәсекелеске түсе алатын маман дайындаудағы оның тиімділігін арттыру болып табылады. Факультет профессорлары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік секциясының жұмысына қатысады, республика бойынша басқа да ұқсас жоғары оқу орындарында баспаға дайындалған оқу-әдістемелік әдебиеттерге пікір жазып, рецензиялар береді. Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқулықтар мен оқу құралдарының, құрылыс мамандықтары бойынша дайындау жүргізетін жоғары оқу орындарының барлығы үшін міндетті мемлекеттік білім стандартының және «Құрылыс» мамандығының пәндері бойынша типтік және жұмыстық оқу бағдарламалары авторлары болып табылады.
Оқу және әдістемелік әдебиеттерді рецензиялауға қатысу, бітіруші түлектер жәрмеңкесін өткізу, халықаралық талаптар деңгейінде инновациялық оқу бағдарламаларын жасау жұмыстарына да педагог қауым белсенді атсалысады. Практикалардың барлық түрлерін өткізетін орындарды іздестіру шарасы ҚазБСҚА (ХБК) жанындағы тапсырыс берушілер кеңесі мен сараптау комиссиясының қатысуымен іске асады.
Біздің факультеттің алыс және таяу шетелдік көптеген университеттермен және кәсіпорындармен кең ауқымды тығыз байланысы бар. Сеул, Токио, Мәскеу, Киев, Одесса, Ташкент, Душанбе және басқа да көптеген қалалардың салалық және академиялық ғылыми-зерттеу институттарымен, ұжымдармен, кәсіпорындарымен белсенді шығармашылық қарым-қатынасы айтарлықтай.
Жалпы құрылыс факультеті өзінің түлектерін мақтаныш етеді, олардың көпшілігі қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік емес құрылымдарда жоғары лауазым иелері, ірі құрылыс компанияларының, жобалау институттары мен ғылыми зерттеу институттарының басшылары болып қызмет атқарады, сонымен қатар республика және шетелдерде танымал ғалымдар.
«Құрылыс» мамандығын бітірген түлектердің түгелдей дерлігі жұмысқа орналасатындығын да баса айтуымыз керек-ақ.
Жалпы құрылыс факультетінің коллективі жыл сайын уақтылы өткізіліп тұратын «Ашық есік» күндеріне мектеп бітіруші түлектерді шақырып тұрады. Бұл күндері академия фойесінде оларды біздің ең үздік оқытушыларымыз қарсы алып, игілікті Құрылыс мамандығы туралы әңгімелеп, барлық сұрақтарға жауап береді. Яғни, қадірлі, шәкірт, өзіңнің болашағыңның берік іргетасын қалағың келсе, құрылысшы деген ұлы кәсіпті игергің келсе, нық сеніммен алға басқың келсе, құрылыс нарығында сөзсіз бәсекелестікке қабілеттілік таныта алсаң, бізге, ҚазБСҚА-ға оқуға кел!

Суретте әрі авторлары:
А.Қ.Слямбаева,
техника ғылымдарының кандидаты, ассоцияцияланған профессор,
Ж.К.Мауленов,
техника ғылымдарының докторы, академиялық профессор, ҚР құрметті құрылысшысы,
С.А.Нұрпейісова,
педагогика ғылымдарының кандидаты, ассоцияцияланған профессор.

(24)