Башқұрт пен қазақ әдебиетінің байланысы

«Тастамашы, ана!» деп аталатын кітап оқырманмен қауышты. Авторы — Айгиз Баймұхаметов. Башқұртстанның астанасы — Уфа қаласында тұратын ол Ш.Бабич атындағы Мемлекеттік  республикалық жастар сыйлығының лауреаты. Башқұртстан мен Ресей Жазушылар одақтарының мүшесі.

Кітапты қазақ тіліне аударған ақын, «Мөлдір бұлақ» журналы бас редакторының орынбасары Саят Қамшыгердің айтуынша, бұл повесті аударуға екі жыл бұрын Бакуде өткен түркі халықтары ақын-жазушыларының фестивалі себепші болған екен. Сол жерде танысқан соң Саят Қамшыгер башқұрт жазушысының кітап болып шыққан повесін аударуға бел шеше кірісіпті.

Балалар үйінде тәрбиеленген жетім баланың өмірі жайлы жазылған кітап оқырманды бей-жай қалдырмайды. Автор өз басынан өткен ауыр тағдырды жазу арқылы өмірдің сынақтарына сынып кетпей, қалай төтеп беру керегін меңзейді. Балалар үйіндегі ұл-қыздардың өмірі қарапайым, оқырманға жеңіл тілде суреттелген. Кітап «Көкжиек» баспасынан 3000 таралыммен шыққан екен.

«Qazaqstan zamany» халықаралық газетінің ресми сайты

 

(82)