mm
Халықаралық "Қазақстан Заман" газетінің тілшілер қосыны бастығының орынбасары. ҚР "Ақпарат саласының үздігі"

Өнер адамдарының адасуын қалай түсінеміз?

Жемқорлықпен күрес елімізде қарқынды жүруде. Алайда парақорлар саны жауыннан соңғы көк шөптей қаулап шығуын қояр емес.

Шенді шенеуніктердің ұсталғанына көз үйренгенімен, өнер саласында жүрген, халыққа танымал азаматтардың пара алып ұсталуы көпшіліктің арасында, әсіресе, әлеуметтік желіде қатты талқылануда. Біреулер мақтап, біреулер даттап жатыр. Кезінде атағынан ат үркетін Тұңғышбайдың соты да қоғамды екіге жарып, түрлі пікірлердің орнығуына себеп болғаны бар.
Сонымен, таяуда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры басшысы Ерлан Біләл пара алды деген күдікпен тұтқындалды.
Кеше бір топ зиялы қауым Ерланды ақтап жиын өткізіпті. Сол отырыста бір кісілер: «Миллиардтарды ұрлағандар ұсталмайды, миллион алғандар қамалады» дегенге саятын ой айтыпты. Қызды-қыздымен айтылған сөз болса да, адам абайлап сөйлегені дұрыс қой! Бұл не сонда, реті келсе ұрлауға, жемқорлық жасауға болады деген ақыл-кеңес пе? Әлде, бәрімізде «Сау сиырдың тезегі емеспіз» деген жоғарыға ескерту ме? Түсінбей қалдым…

(38)