mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Назарбаев- Трамп кездесуі жайлы сарапшы болжамы

16 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп арасында өтетін кездесуден қандай нәтиже күтуге болатынын айтқан Қазақстан Тұңғыш президент қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков:

«Сапар қорытындысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады. Бүгінгі күні барынша басымдыққа ие сала экономикалық өзара іс-қимыл болып отыр. Белсенді саяси диалогтың орын алғанына қарамастан экономикалық байланыстар тым төмен деңгейде қалып отыр. 2017 жылдың қорытындысында өзара сауда-саттық көлемі шамамен 1,7 млрд долларды құрады. Ал бұл біздің қарым-қатынасымыздың әлеуетіне мүлдем жауап бере алмайды. Сондықтан да дәл осы бағытта жаңа әдістер әзірленетін сияқты.

Қазақстан үшін АҚШ инвестиция, технологиялар трансферті тұрғысына зор қызығушылық тудырады. Себебі америкалық компаниялар бұл салаға қажетті жоғары технологияларға ие. Сондай-ақ, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету де маңызды мәселелердің бірі. Терроризм мен экстремизммен күресте Қазақстан мен АҚШ мүддесі ортақ. Әрине, Ауғанстанға қатысты ынтымақтастық та қалып, өз жалғасын таба береді. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың да орны ерекше»,— деген болжамымен бөлісті.

(16)