mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бас уәзір министрліктерге бірқатар міндеттер жүктеді

Үкіметтің алғашқы отырысында Мемлекет басшысының Жолдауы аясында министрліктерге бірқатар тапсыма берген ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев: «Ресурстық әлеуетті әрі қарай дамыту бойынша, Инвестициялар және даму министрлігі мен Энергетика министрлігіне кешенді ақпараттық технологиялық тұғырнамаларды белсенді енгізу жолымен пайдалы қазбаларды өндіру тұрғысында қадамдарды жақсарту қажет. Аталмыш ведомствоға жаңаратын энергия көздері саласына инвестиция тартуды, әкімдермен бірігіп қатты қалдықтарды өңдеу саласында жұмыс істеуге тапсырма беремін. Энергетика министрлігіне жаңаратын энергия көздері саласына инвестициялар тарту үшін жағдайларды жасау бойынша ұсыныстар енгізу жүктеледі. Сондай-ақ, аталған министрлікке өңір әкімдерімен бірлесе отырып бір айдың ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу жүйесін құру тұрғысында жол картасын әзірлеу тапсырылады. Инвестициялар және даму, Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне өндірістер мен кәсіпорындарда энергия тұтыну нормативтерін бекіту мәселесін пысықтауды тапсырамын. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев  Елбасының Жолдауын БАҚ-та түсіндіру үшін медиа-жоспар жасау керек. Құрметті әріптестер, бұл жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ, аталған жұмыстарды орындау барысында барынша оперативті болуларыңыз қажет. Біздің тәжірибеміз жеткілікті. Сондықтан сіздер аталған міндеттерді сәтті орындап шығады деген үміттемін. Елбасының Жолдауы бойынша атқарылған жұмыстарды Үкіметте тұрақтарды түрде тыңдап тұрамыз»,— деп аяқтады сөзін.

(10)