Асқар Мырзахметов — Жамбыл облысының әкімі

Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып  тағайындалды.  Бұл жайында «Ақорда» сайтының туиттердегі ресми парақшасы жариялады.  Осыған дейін облысты Көкірекбаев Кәрім Насбекұлы басқарған болатын.  Бұған дейін  Асқар Мырзахметов ҚР премьер-министрінің орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарған болатын. Газет ұжымы Асқар Исабекұлын  жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтайды.  Жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!

(12)