mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

  30 гектар жерді бүлдірген компания қашып кетті  

Атырауда «Көлжан-Ойл» ЖШС-тің «Күмісбек» атты кен орнында қытайлық үлесі бар компания бітелмеген 6 ұңғыманы қалдырып, жоқ болып кеткен. 2016 жылы екі ұңғымадан мұнай төгіліп, 30 гектардай жерді бүлдірген. Қоршаған ортаға келтірілген шығын 800 млн теңгеге бағаланды. Алайда оны кімнен өндіреді? Атырау облыстық ІІБ Қылмыстық кодекстің 332-бабы («Жерді бүлдіру») бойынша қылмыстық іс қозғаған, бірақ төрт жылдан бері ЖШС басшылары Алматыдағы заңды мекен-жайынан әлі табылмай отыр. Мұнай төгіндісін ауыздықтау үшін жергілікті билік «Ақ берен» ЖШС-ін жалдады, олар бұл жұмысқа 61 миллион теңгедей қаржы құйған. Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жастілек Хасанов: «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес, иесіз жылжымайтын мүлік жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша есепке алынады»,— дейді.

(18)