mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қазақстандық мұнай бағасы қымбаттады

2017 жылдың желтоқсан айында қазақстандық мұнайдың бір тоннасы 46,1 мың теңгеге бағаланды. Өткен аймен салыстырғанда қара алтынның бағасы 1,3 пайызға қымбаттады, ал жылдық котировкасы 18,7 пайызға өсті. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бәрінен де Қызылорда мұнайының бағасы қымбаттаған. Аталған аймақта шикізаттың бағасы 68,7 мың теңгеге жетті. Жыл басынан бері – 29,8 пайыз, айына 1,7 пайыз өсті. Ақтөбелік мұнай өз кезегінде бір жыл ішінде 31,7 пайызға қымбаттады. Бір тоннасының бағасы – 51,7 мың теңге. Маңғыстау мұнайы бір жылда 17,6 пайызға қымбаттап, бір тоннасының бағасы 41,9 мың теңгеге дейін жетті. Ал Атырау мұнайы 15,4 пайыз қымбаттап, бағасы 43,5 мың теңге болды. Өткен айда бензиннің бір тоннасы жыл басынан бері 9,7 пайызға қымбаттап, бағасы 136,2 мың теңге болған еді

(11)