mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қазақстанның Еуропадағы активі бұғатталды

Newswire.ca. порталы: «Амстредам соты голландиялық KMG Kashagan B.V кәсіпкерлігіндегі «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорына тиесілі 5,2 миллиард доллардың акцияларын бұғаттауды күшінде қалдырды»,— деп хабарлайды. Мұны басылымға арнайы өкілдер Анатолия және Габриэля Статилер айтыпты. Тағы бір атап өтерлігі, бұл қаржы — құны 22 миллиард доллар болатын Ұлттық банк активтерінен бөлек, Еуропа елдеріндегі компанияларға тиесілі Қазақстанның үлесі екен. Осы акциялар арқылы Қазақстан Қашағанның (Shell, Eni, Exxon және Total кіреді) кен орындарын зерттейтін ірі халықаралық консорциумға қатысқан. Сондай-ақ, Швецияның 33 мемлекеттік компаниясындағы (Volvo, Skanska, Electrolux, Nordea және тағы басқалар кіреді) Қазақстан акциялары да бұғатталыпты. Аталған мемлекеттегі Қазақстан акцияларының жалпы құны 100 миллион долларды құрайды. Бұғатталған акцияларға қатысты Қазақстан барлық экономикалық құқығынан айырылып отыр. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев болса «Bank of New York Mellon-ның» акцияларды заңсыз бұғаттағанын айтып, Қазақстан тарапынан бұл шешімге қарсылық білдіретінін жеткізді. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың желтоқсан айында Нью-Йорк банкі молдаван кәсіпкерлері Анатолия Статидің арызы бойынша Ұлттық қордың 22 миллиард долларын бұғаттаған болатын.

(15)