mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Шетелдік төлқұжатты рәсімдеу құны қымбаттады

Биылғы жылдың 1-і қаңтарынан бастап төлқұжатты дайындау кезіндегі мемлекеттік баж салығы екі есе өсті. Құжат құнының жоғарылау себебін түсіндірген ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің басқарма басшысы Жанар Қожахметова: «Жаңа Салық кодексіне енгізілген түзетулер бойынша, бұдан былай жаңадан төлқұжат алу үшін 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат төлеуіңіз керек. Ал төлқұжаттарын ауыстыруға алдын ала өтінім жазған азаматтар саны өткен желтоқсанда 100 мың адамға жетті. Бұл 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда 3 есеге көп. Осылайша 1-і қаңтарға дейін небәрі 9 мың теңгеге бағаланған төлқұжаттың бүгінгі құны қазіргі күні 19 мың 240 теңгеге жетті. Ал жеке куәліктің бағасы сол қалпында сақтала бермек. Жеке басты куәландыратын құжаттар елімізде 1995 жылдан бері дайындалып келеді. Осы уақытқа дейін куәліктің дизайны бірнеше мәрте өзгеріске ұшырап, қауіпсіздік жағынан жетілдірілсе де, мемлекеттік баж салығының құны өзгермеген болатын»,— деп мәлімдеді.

(13)