mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Елде газ бағасы бекітілді

Қазақстанда 2018 жылдың 1-і қаңтарынан бастап сұйытылған мұнай газдың шекті көтерме бағасы 34,319 теңгеден 38,701 теңгеге дейін көтерілді. ҚР Энергетика министрлігі мәлім еткендей, шекті бағаны айқындау қағидаларына сәйкес сұйытылған мұнай газдың бағасы тоннасына 52 538,27 теңгені құрауы тиіс еді. Алайда, министрлік ішкі нарықта сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіткен деңгейде ұстап тұруды жөн көрді. Осыған байланысты, газдың шекті көтерме бағасы 38,701 теңгені құрады. Бағаның өсуі әлемдік бағалардың өсуінен туындаған, өйткені сұйытылған мұнай газдың көтерме бағасы халықаралық нарықта баға белгіленімдеріне тәуелді. «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Энергетика Министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша сұйытылған мұнай газына тоқсан сайын шекті көтерме бағаны бекітеді. Ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Сондай-ақ, газ желісі ұйымдарымен ұсынатын өтінімдер негізінде Энергетика министрлігі ай сайын сұйытылған мұнай газ беру жоспарын бекітіп отырады.

(13)