mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бишімбаев атышулы үйдің қожайынын атады

Сот барысында ел талқысына түскен қала сыртындағы үйдің қожайыны кім екенін айтып берген экс-министр Қуандық Бишімбаев: «Бұл үй бес адамның қаражатына, яғни,  менің, Б. Жақсыбаевтың, С. Нұрлыбектің, Арыстан Бабағұловтың, Асқар Достияровтың және Ринат Сисембаевтың ортақ қаражатына салынған. Бәрімізге ортақ монша салуды «Байтерек DEVELOPMENT» басқармасының экс-басшысы Бақыт Жақсыбаев ұсынып, басқамыз бұл ұсынысты қолдадық. Нысан Арыстанның Қосшыдағы үш жер телімінің біріне салынды. Құрылысқа бәріміз өзіміздің жеке қаражатымызды құюға келістік. Жобаны егжей-тегжейіне дейін жүзеге асыруды, құрылысшыны тауып, желілердің бар-жоқтығын тексеруді Бақыт Жақсыбаев өз қолына алды. 2015 жылдың маусым айының аяғында Бақыт маған жобаның соңғы нұсқасын алып келіп, құны 293 мың доллар болатынын айтты. Қаражатты жинау Жақсыбаевтың ұсынысымен Сисембаевтың құзырына берілді. Келісімшартқа 18 тамыз күні қол қойылып, құрылысқа 89,5 мың доллар сол күні құйылды (ол кезде доллар бағамы 186 теңгені құраған). Бұл соманы мен өз қалтамнан төледім. Ол қаражатты жеке табысымнан және анамның «Пряник» атты мейрамханасының табысынан жинадым»,— деген уәжді алға тартып: «Бұған қатысым жоқтығын қоғамға және Қазақстан президенті әрі ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жеткізгім келеді. Ол кісіге барлық кәсіби жетістіктерім үшін қарыздармын. Президенттің алдында кінәлі екенімді түсінемін. Танитын адамдарымды жұмысқа шақырған едім, алайда олар менің үмітімді ақтамады. Ол үшін жауап беремін. Менің сеніміме кіріп, өзімді пайдаланған адамдарды жаныма жақындаттым. Бұл үшін мемлекет басшысынан, барша халықтан кешірім сұраймын. Менің басымда болған осы жағдайға қарамастан, мен президентке адалмын және болашақта да адал болып қала бермекпін», — деді.  Айыпталушылар қатарында Бишімбаевтан бөлек тағы 22 адам бар. Ал, бұған дейін Ринат Сисембаев сотта Астанадағы жекежай Қуандық Бишімбаевқа тиесілі екенін мәлімдеген болатын.

(33)