mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

18+: Отандық өнімге тағы бір таңбалау талабы қойылмақ

4-і қаңтарда ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптау тобының мүшелері мемлекеттік органдармен бірлесіп жеке тұлғаларға ақпараттық өнім талдауын жүргізуге куәлік беру аккредитациясын енгізу мәселесін талқылады. Аталған мәселе Мәжіліс депутаттары бастаған «Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» және «Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларынан туындайды. Заң жобасына сәйкес балаларға берілетін ақпаратты реттеу мақсатында ақпарат таратушы ақпараттық өнімге міндетті түрде жас ерекшелігін (ары қарай таңбалау) көрсетеді. Былайша айтқанда, Қазақстан Республикасында ақпараттық өнімнің жас ерекшелігі белгісі салынбай ақпараттық өнім таратылмайды. Осылайша, өндіруші-кәсіпкерлер шығаратын және импорттайтын барлық өнім сарапшылардың талдауынан өтуі керек. Бірақ ереже әлі дайындалмаған әрі сарапшылар да белгісіз. Осыған орай «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры–Заңнама және өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры, Кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптау тобының мүшесі Айжан Бижанова: «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жас шектеліміне қарай таңбалау қажет те шығар, мұны халықаралық тәжірибе де растайды, алайда, бұл процесс түсінікті де нақты ережелермен, сол өнімді өндіретін және импорттайтын субъектілердің өз күштерімен барынша ашық жүргізілуі керек. Тиісінше, ережесі мен критерилерін бизнеспен ашық талқылауға дейін таңбалауды енгізу ерте деп септеймін. Ал талдау енгізу мен сарапшыларды аккредиттеу тіпті қолайсыз. Бұл жаңашылдықтың бәрі, сөзсіз, бизнеске қосымша қаржылай ауыртпалық түсіреді, оның үстіне мемлекеттік орган реттеушілік әсерін талдау талап ететіндей ақша бөлген жоқ. Сондфықтан, «Атамекен» жауапты мемлекеттік органның таңбалауға жататын ақпараттық өнімнің толық тізіміне қатысты нақты түсініктеме беруін сұрап, тиісті Ереже жобасын ашық жариялауды ұсынады», – деп атап өтті.

(21)