mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Өзбекстан: Мирзиёев әлемді өзгертетін 10 президент қатарында

Sputnik: «Түркиядағы жетекші басылымдардың бірі болып саналатын Derin Ekonomi саяси шолушылары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті өз еліндегі және өңірдегі жағдайды өзгертуге қабілетті көшбасшылар тізіміне енгізді»,— деп хабарлайды. Шолушылар: «Мирзиёев мемлекет басшысы болып сайланған күннен бастап жалпыға бірдей ырықтандыру, құқық қорғау органдарының қызметін жақсарту, діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды сәтті жүргізіп келеді. Өзбекстанда жаңа басшылық кезінде еркін нарыққа жол ашу, сыртқы сауда мен валюта саясатын ырықтандыруға бағытталған түбегейлі шешімдер қабылданып, елдің шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығы жоғарылады. Мирзиёевтің өзге елдермен, ең алдымен көршілермен қарым-қатынасты жақсартудағы саяси шешімі президент қызметіндегі басты жетістіктерінің бірі», — деп атап өткен.

(12)