mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Түркіменстан: Әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды

Qazaqtimes.kz басылымы: «Түркіменстанда жүргізуші куәлігі болған күннің өзінде әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды»,— деп хабарлайды. Әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салу 2017 жылдың желтоқсан айынан басталған. Бастапқыда тек айыппұл салынатыны туралы ескерту жасалыпты. Алайда осы жылдың қаңтар айынан бастап жол полициясы қызметкерлері әйел жүргізушілерге қатысты шараларды қатаңдатып, олардан жүргізуші куәлігін алып, көлікті айыппұл тұрағына қоя бастаған. Ашхабадта тұратын әйелдердің сөзіне қарағанда, көпшілігі мұны қалжың деп ойлаған. Бірақ тыйым салу күшіне енгендіктен, қазір әйелдер көлік жүргізуден қорқа бастапты. Тіпті мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін әйелдерден көлік жүргізбеу туралы қолхат алынса керек.

(6)