mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Биыл 600 жекеменшік клиника тегін қызмет көрсетеді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2018 жылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында халыққа қызмет көрсететін медициналық ұйымдармен келісімшарт процедурасын аяқтайды. Алғашқы кезекте келісімшарттар медициналық-санитарлық, жедел медициналық және өзге де басым бағыттар бойынша көмек көрсету үшін жасалып отыр. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлады. Дереккөзінің хабарлауынша, 2018 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында халыққа шамамен 600 жекеменшік медициналық ұйым тегін қызмет көрсетеді. Жалпы, 2017 жылмен салыстырғанда жекеменшік жеткізушілердің саны 130 медициналық ұйымға көбейген. Сонымен қатар, биыл жекеменшік медициналық ұйымдармен жасалған келісімшарт 95 млрд теңгені құрап, 2017 жылғы көрсеткіштен 2 есеге артқан.

(6)