mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Желтоқсан қаһарманын ұлықтаған турнир       

 Алматы каласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының тапсырмасы бойынша Қазақ спорт және туризм академиясы аталған ЖОО Президенті, профессор К.КЗакирьяновтың қолдауымен 2017 жылдың 8-9 желтоқсан күндері қазақ күресінен 1986 жылғы қазақ елі тәуелсіздігі көтерілісінің қаһарман күрескері Ербол Сыпатаевты еске алуға арналған турнир өткізді.

Жарыс Алматы қаласының жоғары оқу орындары студент жастары арасында өтті. Турнирде палуандар 75 келі жоғары абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады. Байрақты бәсекеге бес ЖОО-нан 28 спортшы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен, кубоктармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарысты ұйымшылықпен өткізу  жауапкершілігі ҚазСТА-ның тәрбие және спорттық-бұқаралық жұмыстары жөніндегі проректоры п.ғ.к., доцент М.З.Есқалиевқа, ҚазСТА-ның Ұлттық спорт түрлері кафедрасының меңгерушісі ұйымдастыру комитетінің төрағасы п.ғ.к., профессор Е.М.Мухиддиновқа, Ұлттық спорт түрлері кафедрасының ұйымдастыру комтитетінің оқытушы ұстаздары — Қ.Күлпейсов, Т.А.Қонаев, Д.Б.Бекбаев, А.Д.Байырбеков, ҚазСТА доценті Т.М.Ахмадиевке, жарыстың бас төрешісі х.д.т. Н.О.Өтеновке, сонымен қатар Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы мен «Қажет кадр әлеуметтік және шығармашылық бастамалар қоры» КК-нің өкілдеріне жүктелді. Жарыстың салтанатты ашылуында Республикалық «Желтоқсан-86» тәуелсіздік қырандары, халық каһармандары қозғалысының төрайымы Жүніс Гүлбахрам Есмұратқызы сөз сөйледі.

Одан кейін сөз кезегі Еңбекші аулынан келген Е.Сыпатаевтің бауыры Ержан Бейсенұлы Алшынбаевқа берілді. Сондай-ақ, Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының Алмалы ауданы бөлімінің басшысы Сарыбаев Серікболсын Арыстанұлы мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазақ күресінен Қазастан Республикасының Тұңғыш Президенті, Қазақ спорт және туризм академиясының Ұлттық спорт түрлері кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., профессор Ерғали Мухиддинұлы да жарысқа қатысушыларға құттықтау сөздерін арнады. Турнир ұйымшылдықпен аса жоғары деңгейде өтті.

Турнирге қатысқан командалар: 1. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

  1. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
  2. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы евразиялық Заң академиясы
  3. Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы Академиясы.
  4. Қазақ спорт және туризм академиясы.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері: I  орын Шакенғалиев Мадияр (ҚазСТА  Ұлттық спорт түрлері кафедрасы); II орын Айтбай Айбол (ҚазСТА  күрес кафедрасы); III орын Әбділов Дарын (ҚазСТА  Ұлттық спорт түрлері кафедрасы).

(53)