mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ердоған: Израиль — «терроршы мемлекет»

rbc.ru сайты: «Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоған Израиль билігін сынға алып, аталған елді «оккупациялық әрі терроршы» мемлекет деп атады. Бұрынырақ Газ секторында палестиналықтар мен израильдік полицейлер арасында қақтығыс болған еді»,— деп хабарлайды. Эрдоғанның айтуынша, палестиналық наразылық білдірушілерге Израиль полицейлерінің күші жетпей жатыр. «Израиль — оккупациялық мемлекет, Израиль — терроршы мемлекет», — деген Түркия президенті: «1947 жылы Араб-Израиль соғысында Палестина оккупацияланған. Ал АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімін  «біліксіздіктің көрінісі» деп бағалаймын»,— дей келе, Ақүй қожайынынң Түркия билігімен ақылдаспағанына қынжылыс білдірді. Еске салсақ, Ақ Үйде Трамп АҚШ-тың Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын мәлімдеп, мемлекеттік департаментке АҚШ елшілігін Тель-Авивтен осы қалаға көшіруді тапсырғаннан кейін Германия канцлері Ангела Маркель Иерусалимді Израиль астанасы деп таныған АҚШ президенті Дональд Трапмтың бұл шешімін қолдамай, Франция президенті Эммануэль Макрон да бұл шешімге қарсы шығып, Ұлыбритания премьері Тереза Мэй елшілікті басқа қалаға көшіруден бас мүлде тартқан болатын.

(19)