mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

  Шыңжаңға 67 асыл тұқымды жылқы жеткізілді

Синьхуа агенттігі: «67 асыл тұқымды айғыр тиеген жүк машиналары 700 шақырымнан астам жолды артқа тастап, Қытайдың солтүстік батысындағы Алашаңқай құрлықтық бақылау-өткізу бекетіне (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіне) келіп жетті.

Үйір жылқыны Қытайға шыңжаңдық халықаралық сауда компанияларының бірі импорттады. Карантиндік-инспекциялық қызмет мамандары жылқылардың денесіне орнатылған чиптерді сканерлеу арқылы ақпараттардың дұрыстығын тексеріп,  жануарларды 30 күндік карантинге орналастырды.

Соңғы жылдары Шыңжаңда жылқы индустриясына ерекше көңіл бөліп келеді. Импортталған айғырлар Үрімжіге, асыл тұқымды жылқыларды өсіретін және бәйгеге қатыстыратын жерлерге жіберіледі. Айта кетерлігі, былтыр Қытайға Алашаңқай бекеті арқылы Ресейден ахалтеке тұқымды жылқылар импортталған болатын»,— деп хабарлайды. .

(21)