mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Илья Токио олимпиадасына қатыса ма?

Аталған сауалға жауап берген ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің өзі:

«Токио Олимпиадасына қатысамын ба, жоқ па, ол туралы қазір ештеңе айта алмаймын. Жарысқа қатысатын уақыттың нақтыланғанына екі-ақ күн өтті. Жаспын, 29-дамын. Менде барлық мүмкіндік бар.

Тұғырға көтерілгім келеді, дегенмен ол жақта басқа ойын өтеді. Маған қиындау болады. Бірақ, ең алдымен еліміздегі спорт басшылығымен сөйлесуім керек. Олар қарсы ма, жоқ па, соны білуім керек. Егер «иә» десе, олимпиада емес, мүмкін әлем чемпионатына қатысатын шығармын.

Әрине,оның бәрі менің организміме байланысты. Көп уақыт өтті. Белсенді түрде жаттықтым, спортпен айналыстым, салауатты өмір салтын ұстандым. Сонда да жылға жуық артық жүктеме болмады.

Өмірім спорттық жағдайда емес, қарапайым адамның жағдайында өтті. Жақсы нәтижеге жеттім, бірақ ол жеткілікті деуге келмейді. Егер маған дәрігерлер дайын екенімді айтса, онда мен 90 пайызға жарысқа шығуға дайынмын. Тұғырға көтерілгім келеді. Төрт олимпиадаға қатысу арманым болатын.

Міне, спорттық карьерамдағы төртінші олимпиада келе жатыр. Ойлану керек»,— деді. Әлбетте, ондай өмірлік маңызы зор тәуекелге бел буу үшін, қатты ойлану қажет.

(4)