mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

 Енді азық-түліктер шағым түскенде ғана тексеріледі

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Шәріп Берік: « еліміздегі супермаркеттерде тексерістердің азаятынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Брифингте Шәріп Берік Елбасы биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында отандық бизнесті дамыту үшін тиісті жұмыстарды жүргізуге тапсырма берді.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті бизнестегі кедергілерді жою және денсаулық саласындағы жеке сектордың үлесін арттыру бағдарламасы аясында тиісті жұмыстар жүргізді.

Супермаркеттер, ондағы кондитерлік цехтар мен наубайханалар бұрын ерекше тексерістен өтетін. Ал қазіргі таңда олар «қаупі жоғары» нысандар қатарынан «қаупі төмен» нысандар қатарына өткізілді. Нәтижесінде бүгіндері супермаркеттер бұрынғыдай жиі әрі ерекше тәртіппен тексерілмейді. Арнайы тексеріс тұрғындар тарапынан шағым түссе немесе тауарларды заңсыз түрде сатып алғаны белгілі болса ғана жүргізіледі», — деген түсінік берді.

(4)