mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бизнестің дамуына шенеуніктер кедергі жасап отыр

Бизнес құқығын сотта қорғауға арналған Жоғары сотта өткен жиында «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев:

«Бүгінгi күнi шенеуніктердің кесірінен тұтас кәсіпорындар жабылып жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, қылмыстық істер бойынша жауапқа тартылған кәсіпорындардың үштен бірі жабылып қалды.

Бұл — үлкен шығын. Бәріміз жұмыс орындарын ашып, бизнеске жағдай жасап жатырмыз. Сосын, бір күннің ішінде оларды жауып тастаймыз. Бұның бәрі бизнеске де, мемлекетке де тиімсіз. Бізде ірі кәсіпорындардың да банкрот болған жағдайлары аз емес. Әсiресе, ауыл шаруашылығы саласында ондай оқиғалар жиі кездеседі. Қазіргі заңнамада мемлекеттік қызметкерлердiң жауапкершілігі жазылған.

Соның ішінде тәртіптік, әкімшілік, тіпті қылмыстық жаза да бар. Алайда, шенеуніктердің басым бөлігі жазадан жеңіл құтылып кетеді. Сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердiң жауапкершілігін күшейту керек.

Бұл — «Атамекен» ұстанымы. Мемлекеттік қызметкерлердiң кесірінен бизнеске үлкен зиян келсе, сотта ондай шенеуніктерге қатысты нақты шара қолдануымыз қажет. Сонда бизнес өзінің қорғалатынына сенімді болады»,— десе, әлгі форумда Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми: «Сот мемлекет пен бизнес арасындағы дауды әдiл шешуi тиiс»,— деген болатын.

(12)